Украина БҰҰ-ға резолюция жобасын ұсынды

Жобада Қырымдағы құқық бұзушылықтар айыпталуда.

606890
Украина БҰҰ-ға резолюция жобасын ұсынды

Украина БҰҰ Бас ассамблеясына резолюция жобасын ұсынды.

Украинаның резолюция жобасы Қырымда адам құқықтары бұзушылықтарын айыптайды және осы жерге халықаралық бақылаушылардың келуі үшін Ресейге шақыруды қамтиды.

БҰҰ ресми парақшасында жарияланған жобада Украинамен қоса Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Франция сынды 38 елдің қолтаңбасы бар.

4 беттік құжатта «Қырым татарлары, Украиналық және басқа да ұлт және діннен Қырым азаматтарына қарсы жасалған құқық бұзушылықтар мен жікшілдік» айыпталуда.

Сонымен бірге Ресей үкіметіне «Қырым тұрғындарына қарсы құқық бұзушылықтарды доғаратын шаралардың дереу қабылдануы және Қырымға адам құқықтарын қорғау халықаралық миссияларының кіруіне рұқсат беруі үшін шақыру тасталған.

Құжатта айырықша Қырым Татар Ұлттық мәжілісінің Ресей Жоғары соты тарапынан «радикал ұйым» ретінде аталуы жөніндегі шешімнің дереу күшін жоюы талабы да орын алған.

Осы арада Еуропа одағы бүгіннен бастап Ресей Мемлекеттік Думасында Қырым және Севастопольдің депутаттарын «қара тізімге» алды. Осылайша тізімге Қырымнан тағы бес депутат енді.



Ұқсас жаңалықтар