Пешмерга күштері Башика ауданын ДАИШ-тен құтқарды

2014 жылы 3 тамыз күнінен бері аудан ДАИШ террор ұйымының бақылауында болатын.

606208
Пешмерга күштері Башика ауданын ДАИШ-тен құтқарды

Иракта Пешмерга күштері Мосулдың Башика ауданын ДАИШ-тен құтқарды.

Пешмерга күштері қолбасшысы генерал майор Искандер Халил кейбір хабар агенттіктеріне телефонмен берген сұхбатында ауданның ДАИШ-тен толығымен тазаланғанын мәлімдеді.

Осымен Мосулдың шығыс майданындағы соңғы жер де ДАИШ-тен тазаланды.

Башикада қалған террористтер болса қолдарындағы соңғы бомба тиелген көлікпен қақтығысты жалғастыруға тырысуда.

2014 жылы 3 тамыз күнінен бері аудан ДАИШ террор ұйымының бақылауында болатын.

Түркияның әскери жаттығу орталығы да орын алған Башика территориясы стратегиялық бір маңызға ие.



Ұқсас жаңалықтар