Мосулды тастап кеткен жазықсыз адам саны 34 мыңнан асты

Тек қана 5-6 қараша күндері 5 мыңға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

605907
Мосулды тастап кеткен жазықсыз адам саны 34 мыңнан асты

Ирактың Мосул қаласын ДАИШ-тен аза ету үшін 17 қазан күнінен бері жалғасқан операциялар себепті 34 мыңнан астам адам үйін тастап кетті.

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстар координация офисі (OCHA) жасалған мәлімдемеге қарағанда тек қана 5-6 қараша күндері 5 мыңға жуық адам қаладан кетуге мәжбүр болды.

Мәлімдемеде ДАИШ-тің жазықсыз адамдарды жанды қалқан ретінде қолдануы және күштеп балаларды соғысуға мәжбүрлеуі салдарынан артып отырған жазықсыз адам шығынының уайымдарды арттырғаны білдірілді.

Мосулды террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару үшін Ирак армия жасақтары, Пешмерга күштері және көпшілігін Башика лагерінде түрік әскері жаттықтырған Нинова сарбаздары 17 қазан күні операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар