Ирак армиясы Мосул қала орталығына кірді

Ирак Қорғаныс министрлігі армияның Мосул қала орталығына кіргенін жариялады.

603219
Ирак армиясы Мосул қала орталығына кірді

Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Тахсин Ибрахим Ирак армиясының 2014 жылы ДАИШ бақылауға алған Мосулға кіргенін және жасақтардың Ал-Интисар аумағына операция жасағанын білдірді.

Халықаралық коалиция күштері қолдау берген Ирак жасақтары Гөкчели аумағын бақылауға алды. Кезек Қуд ауданына келді.

ДАИШ-ке мүше террористтер жанкештілер және мергендермен қауіпсіздік күштеріне шабуылдауда.

Ирак әскерлері болса сауытты көліктер және ДАИШ-тен тазалаған үйлерді бекініс ретінде қолдануда.

Мосулды ДАИШ террор ұйымынан азат ету үшін Ирак армия жасақтары, пешмерга күштері және көпшілігі Башика лагерінде түрік әскері тарапынан жаттықтырылған Нинова сарбаздары 17 қазан күні ортақ операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар