70 әскер қаза тапты

Шабуыл Мосулдың Билавет ауылында болды.

591847
70 әскер қаза тапты

Ирактың Мосул қаласында ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операция аясында Ирак әскери конвойына шабуыл жасалды.  Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 70 әскер қаза тапты.

Шабуыл Билавет ауылында болды.

Қаланың шығысында болса қатты шайқастар жалғасуда.

Жергілікті баспасөзден алынған мағлұматқа қарағанда Мосул операциясына 30 мың Ирак әскері мен 4 мың шақты пешмерга қатысуда.

Мосул операциясы аясында 12 ауылды бақылауға алған пешмерга сарбаздарынан 6 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар