Бұл Вашингтон мен Анкара арасындағы қатынасты әлсіретпейді

Элизабет Трюдо Түркия мен Ресейдің кешегі кездесуі жөнінде сұрақтарға жауап берді.

548822
Бұл Вашингтон мен Анкара арасындағы қатынасты әлсіретпейді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуінің Вашингтон мен Анкара арасындағы байланысты әлсіретпейтінін білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Элизабет Трюдо күнделікті баспасөз брифингінде Түркия мен Ресейдің кешегі кездесуі жөнінде сұрақтарға жауап берді.

Президент Ердоған мен Ресей президенті Путиннің шамамен 9 айдан кейін бірінші рет оңаша кездесуіне тоқталған Трюдо «Түркия мен Ресей арасындағы жақындасу біздің Түркиямен байланысымызды әлсіретпейді» деді.

Трюдо Түркия мен Ресейдің тәуелсіз елдер екенін еске салып, «Әлемнің көптеген елінде қатынастары жүріп жатыр.  Түркия мен Ресейдің жалғыз ортақ нысанасы ДАИШ емес, Халықаралық Сирияға қолдау тобы да ортақ мүдделері қатарына кіреді» деді.

Трюдо Түркиямен қатынас және достығының өте мықты екенін білдіріп: «Мұны ашып айттық.  Біз түрік үкіметінің жағындамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар