Орыс соғыс ұшақтары Сирияда «Фосфор» бомбасымен шабуылдады

Орыс ұшақтары қала орталығы, мектеп, аурухана және базарларды нысанаға алады.

515219
Орыс соғыс ұшақтары Сирияда «Фосфор» бомбасымен шабуылдады

Ресей армиясына тиесілі соғыс ұшақтары Сирияда Халеб қаласының солтүстік аймақтарында орын алған аудан мен ауылдарға «Фосфор» бомбасымен шабуылдады.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда орыс ұшақтарының фосфор бомбасымен шабуылдаған Анадан, Хрейтан және Кефр Хамрада өрт басталды.

Ақпарат көздері орыс ұшақтары жасаған шабуылдарда қаза тапқан және жаралылар жайлы терең мағлұмат бермеді.

Халебте оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға 1 айдан бері фосфор, сорғыш және моншақ бомбаларымен шабуылдаған орыс соғыс ұшақтары қала орталықтарында мектеп, аурухана, азаматтық қорғаныс орталықтары, базарды нысанаға алып шабуылдауда.

Халебтің солтүстігінде оппозиционерлердің жалғыз шығу жері ретінде Кастилло трассасын үздіксіз бомбалаған орыс ұшақтары қаланың оңтүстігінде Хан Тұман ауданы төңірегіндегі ауылдармен Идлиб уәлаятында оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға да шабуылдауда.



Ұқсас жаңалықтар