Мексикада ереуілшілер полициямен қақтығысты

Қақтығыста 6 адам қаза тапты, 108 адам жарақат алды.

514239
Мексикада ереуілшілер полициямен қақтығысты
Meksika'da eğitim reformu protestosu1.jpg

Мексиканың оңтүстігіндегі Оксана штатында үкіметтің оқу-ағарту реформасын протест еткен Мұғалімдер кәсіподағы мүшелері мен полиция арасында шыққан қақтығыста 6 жазықсыз адам қаза тапты, 53 жазықсыз барлығы 108 адам жарақат алды.

Штатқа тараған шерулер кезінде полиция, қауіпсіздік күштеріне тас және Молотов коктейлі лақтырып көліктерді өртеген ереуілшілерге оқпен қарсылық қайтарды.

Мексика Федеральды полициясы жасаған мәлімдемеде полицияның қару тасымағаны, ереуілшілер мен қауіпсіздік күштеріне кім екені анықтала алмаған шабуылдаушылар тарапынан оқ атылғаны атап көрсетілді.

Полицияның міндетінің халық пен қоғамды қорғау екені атап көрсетілген мәлімдемеде қарулы полицияның оқ атылған соң операция жасағанын атап көрсетті.

Мексика Мұғалімдер кәсіподағы (CNTE) басшысы Рубен Нунез бен кәсіподақтағы досы  Франчиско Виллалобостың заңсыз ақша жинау және кір ақшаны жылыстату айыбымен өткен апта Оксана штатында тергеуге алынуының артынан ел көлемінде протесттер қайтадан артқан болатын.

Мексика Мұғалімдер кәсіподағы өткен ай елдің 7 штатында шексіз протест жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар