Сирияда оппозициядағы Фатх армиясы 60 режим әскерін өлтірді

Оппозиционерлер Халебтің оңтүстігінде 2 ауылды бақылауға алды.

503867
Сирияда оппозициядағы Фатх армиясы 60 режим әскерін өлтірді

Сирияда оппозициялық одақтың ортақ шаңырағы Фатх армиясына қарасты жасақтар Халебтің оңтүстігіндегі Хан Тұман ауданында бір танк жасағы, оқ-дәрі  қоймалары мен 2 ауылды бақылауға алды.

Жергілікті ақпарат көздерінің мағлұматтарына қарағанда аудан төңірегінде шыққан қақтығыстарда Фатх армиясы 60 режим әскерін өлтіріп, 11 әскерді де кепілдікке алды.

Ресей мен режимге тиесілі соғыс ұшақтары болса аталмыш ауданмен төңірегінде оппозиционерлер қоныстанған алаңдарды бомбалады.

Фатх армиясы өткен ай қаласының оңтүстігінде стратегиялық маңызға ие Хан Тұман ауданымен жақындағы Халидийе ауылы, Тель-Макла және Тель-эз-Зейтүн төбелерін бақылауға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар