Йеменде қақтығыс

Йеменнің батысындағы Худейде қаласында шыққан қақтығыста 16 адам қаза тапты.

463201
Йеменде қақтығыс

Йеменнің батысындағы Худейде қаласында президент Абдурраби Мансур Хади жақтастары мен хоуситтер арасында шыққан қақтығыста 16 адам қаза тапты.

Худейде қаласындағы Тихаме ауданына қарасты Бейт әл Факих деген жерде болған қақтығыстар хоуситтердің 13 адамы мен Хади жақтастарынан да 3 адам қаза тапты.

Аталмыш қақтығыстар хоуситтердің Бени Месуд тайпасына шабуылдауымен басталды.

Төңкерілген басшы Али Абдуллах Салихті жақтайтын хоуситтер 2014 жылдың 14 қазан күні Қызыл теңіздің жағасындағы Худейде қаласын өз бақылауына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар