Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1682787
Әлем баспасөзіне шолу

El-Raya El-Katariye (Катар): Президент Режеп Тайып Ердоған: «Түркия құқай көрсетулерге бас имейді» деді.

El-Zeman (Ирак): Бағдаттағы АҚШ елшілігі маңына зымыран шабуылы жасалды.

El-Vatan (Оман): Бахрейн вирус себепті 16 елден келетіндерді шектеді.

France 24: Сенегалдағы ауруханаларда жаңа типті коронавирустың 3-ші толқын науқастары көбейді.

Le Matin: Францияда жалған Ковид-19 сертификаты саудасын жасаған адамға бір жыл түрме жазасы берілді.

Le Figaro: Бір зерттеу нәтижесі түрмеден босатылғандардың үштен бірі  бір жыл өткенде қайта қылмыс жасағанын анықтады.

zdf.de: Германиядағы бір химия базасында болған жарылыста қаза тапқан адам саны 5-ке көбейді.

ard.de: Германияда шілдеде инфляция соңғы 13 жылдағы ең жоғарғы өреге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3.8 пайыз артты.

zeit.de: Израильде 60 жастан асқандарға 3-ші компонент Pfizer/BioNTech

вакцинасы егіледі.

Lenta.ru: Орыс Ғарыш агенттігі Роскосмос Наука модулінің Халықаралық Ғарыш стансасына кіргенде моторларының өздігінен ашылуын зерттейді. НАСА Халықаралық Ғарыш стансасының оқиғаның әсеріне ұшырамағанын және Науканың табысты түрде қонғанын хабарлады.

RBK: Данияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Уффе Эллеман-Дженсен Еуропа елдерін «Солтүстік Ағым-2 жобасын» Ресей үшін Пирикалық жеңіске айналдыруға шақырды (Пирикалық жеңіс-ауыр шығынға қарамай қол жеткен жеңіс).

Sport.ru: Олимпиада ойындарында 200 метрге жүзуде жеңілген Америка спортшысы Райан Мерфи алтын медаль иегері ресейлік қарсыласы Евгений Рыловтың допинг қолданғанын алға тартты.

El Mundo (Испания): Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы екіқабат әйелдерге алдымен вакцина егуді хабарлады.

Infobae (Аргентина): Жаңа анықтамалар вакцина салғызған адамдарға Delta штаммы жұғатынын көрсетті.

Telesur (Венесуэла): Аргентинада 18 жастан жоғарғылардың 75 пайызына вакцина егілді.

Егеменді Қазақстан газеті:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада құрама командасының мүшелерімен кездесті.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі:

Қазақстанда 5 миллион 321 мың 718 адам коронавируске қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.



Ұқсас жаңалықтар