Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1664721
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Quds Al-Arabi (Араб-ағылшын газеті: Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанды құтқару жобасының табыссыз болуына жанамалай жауапкер.

Al Jazeera: Associated Press лауазымдыларынан алған хабарында Вашингтон Ауғанстаннан шегінуді екі апта ішінде негізінен аяқтайды.

Al-Dustour (Иордания газеті): Вашингтон Тегеранның жасанды серік ұшыруда табыссыз болғанын білдірді, алайда Иран әкімшілігі мұны теріске шығарды.

Le Monde:  Канадада жергілікті балалар баратын бір  мектеп алаңында қабірлер табылды.

France 24 : Еуропа Одағы Ресей президенті Владимир Путинмен саммит өткізілмейтінін хабарлады.

Le Figaro : АҚШ- тың Флорида штатында бір ғимараттың құлауы салдарынан бір кісі қаза тапты, 99 кісі жоғалып кетті.

Tagesschau: Германия премьер-министрі Ангела Меркель: «Түркиямен стратегиялық ынтымақтастықты дамытуымыз керек» деді.

Deutsche Welle: Немістер соңғы аптада демалыс үшін резервацияларды арттырды.

El Pais (Испания): Испанияда президент Педро Санчес «Каталан процесінің» тұтқындарына жартылай кешірім жасалғаннан кейін Конгресте орталық оңшылдардың өкілдері тарапынан ауыр дәрежеде айыпталды.

El Mundo (Испания): Испанияда наурыз айында мақұлданған эвтаназия заңы атқарылады.

TeleSur (Венесуэла):  Латын Америка халықтары үшін Боливарлық одақ-Халықтық сауда шарты (ALBA, TCP) Венесуэла астанасы Каракаста өткізілген ел және үкімет басшылары саммиті аяқталды.

TASS агенттігі: Брюссельде ұйымдастырылған Еуропа Одағы лидерлер саммитінде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің Еуропа Одағы лидерлерінің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне бағытталған ұсынысы қабылданбады.

İzvestiya газеті: Ленинград аймағында Ми-8 тікұшағының құлауы салдарынан 3 кісі қаза тапты.

RBK: Беларусь бас қаласы Минскте ұсталған оппозиционер София Сапеганың үйде бақылауға алынатыны білдірілді. Сапега беларусьтық журналист Роман Протасевичпен бірге Афиныдан Вильнюске ұшқан Ryanair ұшағының Минскке мәжбүр қондыруынан кейін ұсталған болатын.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі:

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда 91 жастағы қарт коронавирустан жазылып кетті.

Егемен Қазақстан газеті:

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Алматы қаласының әкімдігі бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдаған..



Ұқсас жаңалықтар