Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1660635
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Кот-д'Ивуардың бұрынғы президенті Лоран Гбагбо он жылдық айдаудан кейін еліне оралды.

France 24 : Франция президенті Эммануэль Макрон кітап оқуды ірі ұлттық іске айналдыруда.

Le Soir : Еуро 2020: Бельгия Ұлттық командасы ауыр бір мачтта Данияны бірге қарсы екі ұпаймен жеңіп, топтан шығуды кепілдікке алды.

el-Düstur (Иордания газеті):  Израиль армиясы Палестинаның Әль-Халил қаласында екі үйді құлатты және 12 ғимартты құлату жайлы ескерту жасады.

el-Quds el-Arabi (Араб-ағылшын газеті: Израиль ұшақтары Газа Секторын бомбалады.

el-Raye el-Qatariyye (Катар газеті):  75 елден 680 халықаралық жеке және заңды тұлға тарапынан қол қойылған және АҚШ президенті Джо Байденге жолданған хатта Вашингтоннан Израильдің палестиналықтарға жасаған қысымын аяқтату талап етілді.

Deutsche Welle: Дипломатиялық қарым-қатынастар: Германия Қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр түрік әріптесі Хулуси Акармен кездесті.

dpa: Экономистердің қарауынша неміс экономикасы өрлеуге көтерілді.

RBK: АҚШ Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы Джек Салливан АҚШ президенті Джо Байденнің орыс әріптесі Владимир Путинмен кездесуінде жақын достық көрсеткенін теріске шығарды және АҚШ лидерінің адам құқығын қамтыған көптеген тақырыпта орыс лидеріне айбат көрсеткенін айтты.

Ria Novosti: Ресей Сыртқы істер министрлігі 17 америкалықтың орыс түрмесінде жатқанын жариялады.

Lenta.ru: Мәскеу қала әкімі Сергей Собянин бас қалада коронавирусқа байланысты жағдайдың өте нашарлағанын айтты.

El Mundo: (Испания) Испанияда кейбір аймақтарда маска тағу мәжбүрлігін жою тақырыбы таласқа түсті.

El Pais (Испания): Қытайдағы әуежайларда қолданылған бет-бейнені тану жүйесі бүкіл Еуропада болғанындай, Испания әуежайларында да қолданылады.

El Nacional (Венесуэла): АҚШ Ковид-19 індетімен күрес аясында Венесуэланың кейбір мұқтаж материалдарды алуы үшін санкцияларды босаңсытуға шешім жасады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.

Егемен Қазақстан газеті:  

Қазақстанда 15 мау­сым­нан бастап тағы бір отандық вак­цина­ның клини­­калық ­

зерт­теулері бас­талды.

Әлем баспасөзіне шолуды ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар