Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1635224
Әлем баспасөзіне шолу

zdf.de: Германияда коронавирус індетіне қарсы шаралар салдарынан сабақтарын оқи алмай қалған  оқушылар үшін дайындалған 2 миллиард евролық пакет министрлер кеңесі тарапынан бекітілді. 

Süddeutsche Zeitung: Әлеуметтік желі "Facebook", АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әлеуметтік медиа желілеріне кіруіне тйым салуының жалғасатына шешім жасады. 

Welt.de: Еуропа Одағы азаматтардың төрттен бір бөлігіне алғашқы доза вакцинасы салынды. 

Le Monda: Францияның Меригнак қаласында көшенің дәл ортасынла күйеуі тарапынан тірідей отқа өртеп жіберген әйел көз жұмды. 

France 24:  Француз саясат қайраткері Наполеон Бонапарттың дүниеден озғанының 200 жылдығына орай мәлімдеме жасаған Франция Президенті Эммануэль Макрон "Наполеон біздің бір бөлшегіміз" деді. 

Le Parisien: Францияның Авиньон қаласында операция барысында бір полиция есірткішіні атып өлтірді. 

Al-Quds Al-Arabi: Еуропа Одағы жаулаушы Израильдің елді мекендерді кеңейтуін тоқтатуын талап етуде. 

Al-Quds Al-Arabi: Ливияның шығыс аймағынан бір делегация Триполиге барып, Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбеден Бенгази іс-сапарын тездетуін талап етті. 

Al Jazeera: Дипломатиялық қайнар көздер"Тегеран мен АҚШ арасындағы көзқарас ұқсамастығы Вена кездесулерінің ілгерілуінің тоқтатылуына себеп болды".

El Pais: (Испания) Мадрид автономиялық әкімшілігінде 4 мамыр сейсенбі күні өткізілген ерте жергілікті парламент сайлауында солшыл партияларының жеңіліске ұшырауынан кейін Испаия Социялист жұмысшы партиясына қарасты кейбір депутаттары экономикалық жағдайдың нашарлайтынына сенгендерін мәлімдеді. 

El Mundo: (Испания) Еңбек министрі Юланда Диаздың Podemos (Подемос) партиясы лидері Пабло Иглесиастың саясатпен айналыспайтынын жариялағаннан кейін партияның жаңа лидері болатыны межеленуде. 

TeleSur:(Венесуэла) Колумбияда салық реформасына қарсы топтық наразылықтарда тағы екі ереуілші қаза тапты. 

Lenta.ru: Украина Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы платформасынан пайдаланғанын алға тартуда. 

TASS: Дүниежүзілік вакцина конгресінде коронавирусқа қарсы ең үздік вакцина анықталды. Осы бойынша Moderna вакцинасы "Үздік жаңа технология/вакцина платформасы" атанған.

Gazeta.ru: АҚШ мамандары АҚШ Президенті Джо Байден мен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі мүмкіндігін алға тартуда. 

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жусан» операциясы қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсібилігін көрсетті.

Егемен Қазақстан газеті: Аида Балаева: «Тұмар» бәйгесі – отандық телевизияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
 


 



Ұқсас жаңалықтар