Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1617207
Әлем баспасөзіне шолу

Bild.de: 18 жасар неміс Кевин Дэвид Леманн 3,5 миллиард долларлық байлығымен әлемнің ең бай тұлғаларының қатарына қосылды.

Spiegel.de: Ғалымдар пандемияның алдын алу үшін ақпараттық база жетілдірді.

El País (Испания): Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі мен штаттар AstraZeneca вакцинасын 60 жастан кіші адамдарға егуден бас тартуға келісті.

La Vanguardia (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес жаңа Африка іс-қимыл жоспары аясында Ангола мен Сенегалға барады.

Infobae (Аргентина): Аргентина үкіметінің коронавирусқа қарсы жаңа шаралары: Қоғамдық іс-шаралардың күшін жою, мейрамханалар мен барлардың жабылуы және коменданттық сағат шектеулері.

Al-Quds Al-Arabi: АҚШ-тың палестиналықтарға жәрдемдерді жалғастыру туралы шешімі аясында 235 миллион долларлық қаржы бөлінді.

Al Jazeera: АҚШ Сыртқы істер министрлігі: Иранға бағытталған санкцияларды жоюға дайынбыз, бірақ ядролық келіссөздер қиын болады.

Al-Dustour (Иордания): Дүниежүзілік коронавирус: 3,5 миллион адамның өліміне себеп болды және эпидемия Еуропа мен Бразилияда өршуде.

Le Soir (Бельгия): Бельгия шешімін қабылдады. AstraZeneca вакцинасы 55 жастан асқан адамдарға егіледі.

France 24 (Франция): Франция ресми түрде Pfizer/BioNTech вакцинасын өндіруді бастайды.

France 24 (Франция): Халықаралық амнистия ұйымы бай елдердің (коронавирус) вакциналарын меншігіне алып отырғанын айыптады.

Коммерсант: Ресейде 2021 жылдың бірінші ширегінде жекеменшік банкроттардың саны 81,5 пайызға өсті.

gazeta.ru: «Адал Ресей» партиясы Ресей парламентінің төменгі қанаты Думаға зейнеткерлік жасын төмендету туралы заң жобасын ұсынды.

РИА Новости: Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Николай Патрушев АҚШ-ты Ресей шекарасына жақын био лабораторияда биологиялық қару жетілдірумен айыптады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Коронавирус: «Сары» аймаққа кірген өңірлер саны өсті.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасына бірқатар тапсырма берді.



Ұқсас жаңалықтар