Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1613458
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Ковид-19: Үшінші ұлттық карантин Францияда басталады, экономика тағы бір соққы алды.

Le Temps: Швейцарияда коронавирус оқиғалары бір апта ішінде 20 пайызға өсті.

France 24: Ковид-19: Франция парламенті президент Эммануэль Макрон жариялаған жаңа шараларды бекітті.

Wirtschaftswoche: Коронавирус: Роберт Кох институтының мәліметі бойынша коронавирустың британдық нұсқасы 90 пайызға дейін өсті.

Die Presse (Австрия): Африкада мутацияға ұшыраған шамамен 40-қа жуық жаңа коронавирустың нұсқасы анықталды.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Канцлер Ангела Меркель азаматтарды Пасха мерекесінде саяхаттамауға шақырды.

Al Jazeera: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Мьянмада жүздеген бейбіт тұрғынның өлтірілуін «қатаң түрде» айыптады.

Al Jazeera: Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Файсал ибн Фархан: Израильмен қарым-қатынастардың қалпына келуі аймақ үшін үлкен пайда әкеледі және табыстылығы Палестина мәселесінің шешіміне байланысты.

Al-Raya (Катар): Ливия: Біріккен Ұлттар Ұйымы «Хафтарға қарасты 120 жауынгердің босатылуын ризашылықпен» қарсы алды.

Al-Dustour (Иордания): Араб лигасы Таяу Шығыстағы мәселелер мен дағдарыстарға саяси шешім қажеттігін қолдады.

El Pais: (Испания) Испаниядағы денсаулық сақтау қызметкерлері коронавирусқа (ковид-19) қарсы бір күнде 306 мыңнан астам доза вакцина егіп, елдегі рекордын жаңартты.

El Mundo: (Испания) Испанияда анасының жүкті кезінде вакцина салынғаннан кейін коронавирусқа (ковид-19) қарсы анти денелі алғашқы нәресте дүниеге келді.

TeleSur: Венесуэла Қорғаныс министрлігі Колумбия шекарасында қарулы топтармен жаңа бір қақтығыс шыққанын білдірді.

ТАСС ақпарат агенттігі: АҚШ «бір күні» Ресейдегі барлық дипломатиялық өкілдіктерін қайта ашатынына үмітті.

РИА Новости: Украина Ресеймен қақтығыс шыққан жағдайда АҚШ-тың өзіне қолдау үшін кепілгерлік беретінін жариялады.

lenta.ru:Ресей Федеральдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Тверь облысында ДАИШ террорлық шабулының алдын алды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі:Президент: Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу арқылы сәуірде жағдайды күрт өзгертуге тиіс.

Егемен Қазақстан газеті: Отандық вакцина сәуірдің соңында салына бастайды.



Ұқсас жаңалықтар