Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1588900
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde:(1965 жылы 21 ақпанда Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) қастандық құрбаны саясаткер және құқық қорғаушы) Малкольм Х-тың отбасы кісі өлтіру ісі бойынша тергеуді қайта бастауды талап етті.

France 24: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бай елдерді кедей елдерге вакциналарды таратуға нұқсан келтірумен айыптайды.

Le Soir: АҚШ президенті Джо Байден коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны жарты миллионнан асқаны себепті елде жалауларды жартылай түсіруге бұйрық берді.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Ғалымдар: «Вакцинация жұмыстарының баяулауы жаңа түрлердің пайда болуын арттырады».

VATAN (Оман):Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ): "Қоғамдық иммунитеттік" санға әлі жеткен емеспіз.

El-Mustakbal (Ливан): Иран көшбасшысы Али Хаменей: «Иранның ядролық қаруға ие болуына ешкім кедергі бола алмайды».

El Pais (Испания): «Perseverance» (НАСА Марсқа жіберген ғарыш көлігі) тарихта алғаш рет Марсқа қонғанды көрсететін бір бейнекөрініс түсіруде.

El Mundo (Испания): Венесуэла: Еуроодақ Чавесшіл 19 лауазымдыға, сот төрешісі, әскер және полицияға санкция салды.

Infobae (Аргентина): АҚШ-та (есірткі лорды) Чапо Гусманның жұбайы Эмма Коронель есірткі саудасынан қамауға алынды.

Frakfurter Allgemeine Zeitung: Германияның Кельн қаласындағы Ганау (Ханау-ам-Майн) құрбандарының фотосуреттеріне шабуыл жасалды.

RTL Online: Германияда (жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) шаралары аясында) 10 штатта балабақшалар мен бастауыш мектептер ашылды.

Tagesschau.de: Ұлыбритания барлық шектеулерді (ковид-19-ға байланысты) 21 маусым күні жояды.

Вести газеті: Ресейдің Sputnik V коронавирустық вакцинасы Қырғызстанда тіркелді.

lenta.ru хабар порталы: Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдің Сочи қаласында 6 сағаттан астам уақытқа кездесу өткізді.

Известия газеті:  АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс АҚШ-тың Ресейдің «Солтүстік ағын-2» табиғи газ құбыр желісі жобасына қарсы болуының жалғыз себебінің геосаяси екенін айтты.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Үкімет басшысы: Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.

Егемен Қазақстан газеті: Азаматтарға арналған үкіметте жеке менеджер қызметі іске қосылды.



Ұқсас жаңалықтар