Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1585261
Әлем баспасөзіне шолу

Tagesschau.de: Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан тез нәтиже беретін коронавирустық сынақтардың кең тарайтыны және адамдардың өзін-өзі тексеруге арналған диагноздық жинақтар қажетті рұқсаттар алынған соң көп ұзамай шығарылатынын жариялады.

Westfälische Nachrichten: Германияда Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы интеграция кеңесшісі Серап Гүлер қыркүйек айында өтетін Федералды парламенттік сайлауда өзінің партиясы «CDU»-дан депутаттыққа үміткер болғысы келгенін мәлімдеді.

Deutsche Welle: Жұмыспен қамтуға коронавирус соққысы: Германияда өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың саны 10 жылдан бері алғаш рет төмендеді.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Bitcoin бағасы алғаш рет 50 мың доллардан асты.

Nachrichten.at(Австрия): Германия (жаңа типтегі коронавирус /Ковид-19/ эпидемиясы салдарынан) Тиролден кіруге салған тыйымын 3 наурыз күніне дейін ұзартты.

Zeit.de:Коронавирус вакцинасы – Джонсон&Джонсон вакцинаны бекіту үшін Еуропа дәрі-дәрмектер агенттігіне өтініш берді.

France 24: АҚШ президенті Джо Байден Эр-Риядпен қарым-қатынастарын қайтадан реттеп, Мұхаммед ибн Селманды (Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы) алыстатқысы келеді.

Le Figaro: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жаңа типтегі Ковид-19 науқастарының саны 16 пайызға төмендеді.

Le Monde:АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Республикашыларды сенат басшылары Митч МакКоннеллге қарсы ұстаным қабылдауға шақырды.

Al-Qudsi Al-Arabi: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен: «Иранмен дипломатияға жол енді ашық».

Al Jazeera: Ливия: Триполи төңкерістің 10 жылдығын тойлайды және үкіметті құру жұмыстары жалғасуда.

Al-Raya (Катар): Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ): Мутациялар ковид-19 вакциналарының нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін.

El Pais (Испания): Халықтық партияның көшбасшысы (Partido Popular) Пабло Касадо партияның бас қала Мадридтегі тарихи ғимаратынан кететіндігін, өйткені сыбайлас жемқорлық тергеуіне ұшырағанын мәлімдеді.

El Mundo(Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес Еуроодақ қорларын бөлісу үшін құрылған комитетке коалиция серіктесі солшыл Подемос партиясының министрліктерінің үш мүшесін ғана қосты.

TeleSur: Эквадор Ұлттық сайлау кеңесі 7 ақпанда болып өткен сайлаудың бірінші тур қорытындысы бойынша кейбір аймақтарда дауыстарды қайтадан санаққа алу үшін ұсынылған есепті қабылдамады.

vesti.ru:АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресеймен арадағы барлық қайшылықтарға қарамастан, АҚШ-тың стратегиялық тұрақтылықты қалыптастыру үшін жаңа жолдар қарастыратынын атап көрсетті.

Коммерсант газеті: АҚШ бүгін (сәрсенбі) басталатын екі күндік НАТО қорғаныс министрлері саммитінде Ресей қауіп-қатерін күн тәртібіне әкеледі.

РИА Новости: Өзін «Таулы Қарабах Республикасы парламенті» деп атаған (Ресей мойындамаған) құрылым орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдау туралы заң жобасын талқылайды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президент Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.

Егемен Қазақстан газеті: Алматыда Қазковид бойынша 2 мыңдай ерікті екпе салдырды.



Ұқсас жаңалықтар