Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1561951
Әлем баспасөзіне шолу

welt.de:Германия канцлері Ангела Меркель Твиттердің АҚШ Президенті Дональд Трамптың парақшасын тұрақты түрде жабуын «проблемалы» деп бағалады.

ard.de:Ұлыбритания бір айда 15 миллион адамға вакцина егуге дайындалады.

Deutsche Welle: Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас АҚШ-тың Вашингтон қаласында президенттікті бейбіт және проблемасыз түрде тапсыруға шақырды.

el-Raye el-Qatariyye (Катар): Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Батыс Шериядағы еврей қоныстарында 800 жаңа тұрғын үй салуды бекітті.

el-Düstur (Иордания): АҚШ-та Республикашылдар Конгресс ғимаратындағы оқиғалар себепті президент Трампты отставкаға кетуге шақырды. АҚШ Өкілдер Мәжілісі төрайымы Нэнси Пелоси Трампты міндеттен босату үшін талпынуда.

El País (Испания): Мадрид үкіметі қалың қар мен көктайғаққа байланысты 18 қаңтарға дейін мектептерді жапты.

Infobae (Аргентина): АҚШ Кубаны қайтадан «терроризмді қолдайтын елдер» тізіміне енгізді.

La Vanguardia (Испания): Рождество мерекесінің нәтижесі: Канар аралдары мен Астурия аймағын қоспағанда, бүкіл Испания Ковид-19 себепті өте қауіпті деңгейде.

Le Figaro: АҚШ президенті Дональд Трампты екінші рет міндеттен босату күн тәртіпке келді.

Le Monde: Әлемдегі Ковид-19: Жапонияда вирустың жаңа мутацияға ұшыраған түрі анықталды.

France 24: АҚШ Кубаны қайтадан «терроризмді қолдайтын елдер» тізіміне қосты.

TASS ақпараттық агенттігі: АҚШ-тағы сайлауда жеңіске жеткен Джо Байденнің президентті ұлықтау рәсіміне Ресей шақырылды. Салтанатты шарада Ресейдің атынан АҚШ-тағы өкілетті елшісі Анатолий Антонов қатысады.

lenta.ru:Ресейде бір әйел иммундық жүйесінің әлсіздігіне байланысты Ковид-19 эпидемиясымен 6 ай бойы күресті және вирус оның денесінде 18 рет мутацияға ұшырады.

Коммерсант газеті: Мальта араларында Ресей де бар бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен тағы 300 адамның инвестиция салғаны үшін азаматтық алғанын хабарлады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Асқар Мамин: Былтыр дер кезінде қабылданған шаралар арқасында барлық сын-қатер еңсерілді.

Егемен Қазақстан газеті: Мәжіліске өткен партиялар белгілі болды.



Ұқсас жаңалықтар