Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1559160
Әлем баспасөзіне шолу

 

Bild.de: Америка Құрама Штаттарында президент Дональд Трамптың қолдаушылары Конгреске басып кірді.  Кейір АҚШ сенаторлары төңкеріс жайлы айтып отыр.

Spiegel.de: Америка Құрама Штаттарында шыққан оқиғаларда төрт кісі қайтыс болды.

Deutsche Welle: «Мектептерді жабу керек болатын». Германияда үкімет коронавирус эпидемиясына қарсы кеше қабылданған сақтық шаралар шеңберінде мектеп пен бала бақшалардың жабылуына байланысты сындарға жауап берді.

France 24 (Франция): Голландия вакцинацияны бастаған соңғы Еуроодақ елі болды.

Le Figaro (Франция): Еуропа Одағы Модерна вакцинасына рұқсат берді.

Eldustour: Лондон: «Жаңа ковид мутациялары вакцинаға төзімді емес»

Elraya: АҚШ-та президент Дональд Трамптың қолдаушылары Конгреске шабуылдады, полиция оқ атты.

Elayyam: Сайланған президент Джо Байден Трамптың қолдаушыларының Конгресс ғимаратына басып кіруін айыптады: «Демократияға шабуыл»

La Vanguardia (Испания): Еуропа Одағы АҚШ-та президент болып сайланған Джо Байденді күтпестен, Венесуэлада өзін «уақытша президент» деп жариялаған Хуан Гуаидоны тануды доғарды.

Prensa Latina (Куба): Мексиканың бас қаласында коронавирус себебімен ауруханалардың 83 пайызы толды.

Infobae (Aргентина): АҚШ Конгресс ғимаратына шабуылда төрт кісі қайтыс болды, 14 полиция қызметкері жарақат алды.

Tass ақпарат агенттігі: Ресей президенті Владимир Путин өміріне қауіп төндірген аурулармен ауыратын балаларға көмек мақсатты бір фонд құрылуы үшін жарлыққа қол қойды.

Lenta.ru: Камчатка түбегінде туристер мұздың астында қалды. Бір кісі қаза тапты,  үш турист жарақат алды.

RBK ақпарат парақшасы: АҚШ флоты Ресейдің Солтүстік полюстегі шекарасында күзет жүргізеді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Егемен Қазақстан  газеті: Елбасы «Алғыс» орденімен марапатталды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар