Қырғызстан президенті Ирандағы лаңкестік шабуылды айыптады
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Иранның Керман қаласындағы лаңкестік шабуылды айыптады.
Президенттік Баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Иранның Керман қаласындағы лаңкестік шабуылға байланысты Иран президенті Ибрахим Реисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қырғызстанның жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін лаңкестіктің барлық түрін қатаң айыптайтынын айтқан президент Жапаров қаза тапқандардың отбасылары мен бауырлас Иран халқына көңіл айтты.
Иранның Керман уәлаятында Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күші қолбасшысы генерал Касым Сүлеймани бейітінің жанында болған екі жарылыс салдарынан 95 адам қаза тапқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.