Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандарға пәтер беріледі

Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандар арасында пәтер ойнатылады.

1664778
Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандарға пәтер беріледі

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша штаб отырысы өткен. Ол орынбасарлары мен басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне вакцинацияның маңыздылығы мен қажеттілігін жоғары деңгейде түсіндіру үшін жекелеген жауапкершілік жүктегенін айтты.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов мәлімдемесінде "Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60 пайыздан астамы вакцина салдыруы қажет. Санитария дәрігерлер қосымша карантин шектеулері туралы жаңа қаулы дайындап жатыр: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті, вакцина алмаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру және т.б. талап етіледі" деген сөздер қолданды.

Сонымен қатар, Алтай Көлгінов қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ұтысы өткізілетінін айтты. Жаңадан вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнату жоспарланған (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе сауда орталықтарындағы пунктте екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Әкім Алтай Көлгінов "Пәтер ұтысына биыл 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар