Мұнай өндірісіндегі ерікті шектеуді тағы үш айға созады

Сауд Арабиясы мен Кувейттің мұнай өндірісін тағы 3 ай шектеуге шешім қабылдағаны білдірілді.

2110665
Мұнай өндірісіндегі ерікті шектеуді тағы үш айға созады

Сауд Арабиясы, Алжир және Кувейт мұнай өндірісіндегі ерікті шектеуді тағы үш айға созады.

Мұнай өндіруші елдер ұйымы OECD мен OPEC-тен тыс кейбір өндіруші елдерден тұратын OPEC+ тобынан Сауд Арабиясы мен Кувейттің мұнай өндірісін тағы 3 ай шектеуге шешім қабылдағаны білдірілді. Сауд Арабиясынан бір лауазым иесі өндірісті шектеудің маусым айының аяғына дейін жалғасатынын және күніне 9 миллион баррель мұнай өндірілетінін айтты.

Алжир Энергия министрлігі де мұнай өндірісінің шектелуі туралы мәлімет берді. Министрлік мұнай өндірісінде 51 мың баррель шектеу болатынын айтты.

Кувейт Ақпарат агенттігі де мұнай өндірісін шектеудің маусым айының аяғына дейін созылатынын, күніне 2 миллион 413 мың баррель мұнай өндірілетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар