Сауд Арабиясының Даму Қоры Түркияға несие береді

Аталмыш несие «Мемлекеттік мектептердегі жер сілкінісі қаупін азайту жобасы» аясында пайдаланылады.

2105624
Сауд Арабиясының Даму Қоры Түркияға несие береді

Сауд Арабиясының Даму Қоры Түркиямен 55 миллион доллар көлемінде жаңа несие келісіміне қол қойғанын хабарлады.

Сауд Арабиясының Даму Қорының мәлімдемесіне қарағанда, аталмыш несие «Мемлекеттік мектептердегі жер сілкінісі қаупін азайту жобасы» аясында пайдаланылады.

Стамбулда өткен Түркия-Сауд Арабиясы инвестициялық және бизнес форумында қол қойылған келісім аясында алынатын несие арқылы шамамен 55 мың шаршы метр болатын 5 мемлекеттік мектеп қалпына келтіріледі.

Жобаның мақсаты анықталған мектептерді жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін зақымданудан қорғау болып табылады. Осы тұрғыда мектептерге қажетті құрал-жабдықтар мен қаржылар  бөлініп, білім беру сапасы мен тиімділігінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Сауд Арабиясының Даму Қоры қаржыландыратын жоба Қордың Түркиямен қалыпты ынтымақтастығын ілгерілетудегі жаңа кезең болып табылады.

Түркиядағы білім саласын қолдауды және елдің әлемдік деңгейдегі білім беру мақсатын күшейтуді мақсат еткен Сауд Арабиясының Даму Қоры  Түркияда соңғы 40 жылда энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және білім беру сияқты салаларда құны 300 миллион доллардан асатын 9 даму жобасы мен бағдарламасын қаржыландырды.



Ұқсас жаңалықтар