Жапония Украинаға экономикалық жақтан қолдау көрсетеді

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Жапония-Украина экономикалық дамуы мен қайта құруды қолдау конференциясына қатысты.

2104822
Жапония Украинаға экономикалық жақтан қолдау көрсетеді

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль кеше Жапонияның астанасы Токиода өткен Жапония-Украина экономикалық дамуы мен қайта құруды қолдау конференциясына қатысты.

2 жыл бұрын Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін Жапония Украинаға әртүрлі салаларда барлығы 10 миллиард доллар көмек көрсетіп, көмек көрсеткен елдер арасында төртінші орында болды. Денис Шмыгаль бұл ақпаратты Жапония мен Украина үкіметі мен іскер топтарының 300 өкілі қатысқан конференцияда айтты.

«Осы қаржыландырудың арқасында Ресей бастаған сұрапыл соғыс кезінде миллиондаған украиндықтар аман қалды» деген Шмыгаль «Жеке сектор Украинаны қалпына келтірудің негізгі қозғалтқышы.  Біз Жапониямен елімізді жаңғырту мен қайта құруда ынтымақтасқымыз келеді. Бәріңіздің Украинаның экономикалық кереметінің бір бөлігі болғаныңызды қалаймыз» деп көрсетті.

Жапония премьер-министрі  Кисида Фумио Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдап, халқының бостандығын қорғауға бел байлайтынын тағы да қайталады. Кисида сондай-ақ Жапонияның Украина экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет ұзақ мерзімді көмекке дайын екенін мәлімдеді.

Тараптар бірқатар келісімдерге қол қойды, соның ішінде инфрақұрылымды қалпына келтіру, миналарды тазарту, ауыл шаруашылығын дамыту және басқаруды жетілдіру.

Жапония сонымен қатар украиндық іскерлер үшін виза тәртібін жеңілдетуге келісті.



Ұқсас жаңалықтар