MÜSİAD  Албания өкілдігінің жиналысы өтті

MÜSİAD Албания өкілдігінің басқару алқасы жиналысы Албанияның астанасы Тиранада өтті.

2093430
MÜSİAD  Албания өкілдігінің жиналысы өтті

Тәуелсіз өнеркәсіпшілер және іскерлер қауымдастығының (MÜSİAD) Албания өкілдігінің басқару алқасы жиналысы Албанияның астанасы Тиранада өтті.

Жиналысқа  Түркияның Албаниядағы өкілетті және төтенше елшісі Тайяр Қаған Атай мен MÜSİAD Албания төрағасы Мұхаммет Ишлер, іскерлер және  басқа да қонақтар қатысты.

Атай «MÜSİAD-тың бауырлас және дос ел Албанияда өкілдік құрылуы бізге көптеген мүмкіндік әкеледі. Өйткені дос және бауырлас елде жұмыс істеу әлдеқайда оңай» деді.

Албанияның порттарымен, ресурстарымен және жұмыс күшімен үлкен әлеует ұсынатынын айтқан Атай екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің талабы ретінде Албания мен Түркия арасындағы сауда көрсеткіштерінің артып келе жатқанын айтты.

MÜSİAD Албания төрағасы Ишлер екі ел арасындағы сауда және ынтымақтастық әлеуетін арттыру және күшті байланыстар орнату үшін күш-жігерді біріктіруді мақсат еткендерін білдірді.

MÜSİAD-тың 14 мың мүшесі бар, 60 мыңнан астам кәсіпорынға өкілдік ететін және шамамен 2 миллион адамды жұмыспен қамтыған бір нарықтық  платформа екенін түсіндірген Ишлер былай дедіі: «Екі ел арасындағы күшті ынтымақтастық тек экономикалық өсуге ғана емес, мәдени және әлеуметтік байланыстарды да нығайтады. Түркия мен Албания арасындағы достықты одан әрі дамыту үшін бірге жұмыс істейтінімізге сенімімді атап өткім келеді».



Ұқсас жаңалықтар