Түркияның өсу болжамы жоғарлады

Moody's Түркияның несиелік болжамын көтерді.

2088198
Түркияның өсу болжамы жоғарлады

Халықаралық несие рейтинг агенттігі Moody's Түркияның несиелік болжамын көтерді.

Несие рейтинг агенттігінің мәлімдемесінде Түркияның несиелік рейтингінің «В3» деп расталғаны және бұрын «тұрақты» болған рейтинг болжамының «болымды» екені атап өтілді.

Түркияның несие рейтингі болжамын оңға өзгертудің негізгі себебінің «экономикалық саясаттағы шешуші өзгеріс, әсіресе ортодоксалды ақша саясатына қайта оралу» екені баса айтылды.

Мәлімдемеде инфляция динамикасының өзгере бастағанын көрсететін белгілер бар екені атап өтілді. Бұл ақша-несие саясатының өзінің сенімділігі мен тиімділігін қалпына келтіргенінің көрсеткіші екені түсіндірілді.



Ұқсас жаңалықтар