Экономикалық сенім индексі артты

Түркия Статистика мекемесі желтоқсан айының экономикалық сенім индексі деректерін жариялады.

2081788
Экономикалық сенім индексі артты

Экономикалық сенім индексі желтоқсан айында айлық тұрғыдан 1,1 пайыз артып, 96,4 болды.

Түркия Статистика мекемесі желтоқсан айының экономикалық сенім индексі деректерін жариялады.

Оған қарағанда, индекс қараша айында 95,3 пайыз болса, желтоқсан айында 1, 1 пайызға өсіп, 96,4 -ке жетті.

Тұтынушылардың сенім индексі де желтоқсан айында айлық тұрғыдан 2,6 пайыз өсіп, 77,4-ке жетті.

Осы кезеңде нақты сектор сенім индексі 0,5 пайызға төмендеп, 103,4 болды.

Қызмет көрсету секторының сенім индексі 1,2 пайызға өсіп, 112,3 болды.



Ұқсас жаңалықтар