Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону жолағы іске қосылады

Ердоған Стамбулдағы Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону жолағының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

2080574
Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону жолағы іске қосылады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайының жаңа ұшу-қону жолағының іске қосылуымен жыл сайын 85 миллионнан астам жолаушыны қабылдау мүмкіндігіне ие болатынын айтты.

Президент Ердоған Стамбулдағы Сабиха Гөкчен әуежайының 2-ші ұшу-қону жолағының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Ердоған Сабиха Гөкчен әуежайының Стамбул әуежайы мен Анталия әуежайынан кейін Түркиядағы ең көп жолаушы ағыны бар 3-ші әуежай екенін айтты.

«Біздің әуежай 2021 жылы ішкі және халықаралық желілерде шамамен 181 мың рейспен 25 миллион жолаушыны қабылдады. 2022 жылы бұл сан 31 миллион жолаушыға жетті» деген  Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы жаңа ұшу-қону жолағының іске қосылуымен жыл сайын 85 миллионнан астам жолаушыны қабылдау мүмкіндігіне ие болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар