Анталия порты 59 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Анталия және Алания порттары жыл басынан бері 48 люкс кемелерімен келген шамамен 59 мың жолаушыға қызмет көрсетті.

2076197
Анталия порты 59 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Түркияның алдыңғы қатардағы коммерциялық жүк және круиздік порты «QTerminals» Анталия және Алания порттары жыл басынан бері 48 люкс кемелерімен келген шамамен 59 мың жолаушыға қызмет көрсетті.

Турист саны бойынша биыл рекорд жаңартқан Анталияға «қалқымалы қонақүйлер» деп аталатын алып кемелермен де  мыңдаған турист келді.

Жыл басынан бері «QTerminals» Анталия портына 30 круиздік кеме, Алания портына 18 круиздік кеме аялдады.

Анталия портында шамамен 40 мың круиздік жолаушы және Алания портында 19 мың 112 круиздік жолаушы қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар