Түркияның өнеркәсіптік өндірісі артты

Түркия Статистика мекемесі өнеркәсіптік өндіріс индексінің қазан айының нәтижелерін жариялады.

2074982
Түркияның өнеркәсіптік өндірісі артты

Түркияда өнеркәсіп өндірісі 1,1 пайыз өсті.

Түркия Статистика мекемесі өнеркәсіптік өндіріс индексінің қазан айының нәтижелерін жариялады.

Осыған сәйкес өнеркәсіп өндірісі қазан айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 1,1 пайыз артты.

Қазан айында тау-кен өнеркәсібі секторы индексі өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 3,7 пайыз, өңдеу өнеркәсібі индексі 1,3 пайыз, электр, газ, бу және ауа баптау өндірісі және тарату секторы индексі 3,5 пайыз артты.

Қазан айында тау-кен өнеркәсібі секторы индексі алдыңғы айға қарағанда 3,2 пайыз өссе, өңдеу өнеркәсібі индексі 0,3 пайыз, электр, газ, бу және ауа баптау өндірісі мен тарату секторы индексі 2,3 пайызға төмендеді.



Ұқсас жаңалықтар