Косово-Түркия сауда және инвестиция форумы Приштинада өтті

Ллуллзим Рафуна Түркия Республикасының барлық мекемелеріне және түрік халқына алғыс айтты.

2072820
Косово-Түркия сауда және инвестиция форумы Приштинада өтті

Косоводағы инвестицияны арттыруды мақсат еткен Косово-Түркия сауда және инвестиция форумы ел астанасы Приштинада өтті.

Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған форумға ондаған косоволық және түрік іскерлері бас қосты.

Форумда сөйлеген сөзінде Косово Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы президенті Ллуллзим Рафуна косоволық бизнестердің тек ел дамуының қозғалтқышы болуымен қатар аймақтағы ынтымақтастыққа да елеулі үлес қосқанын айтты.

Рафуна Түркия Республикасымен жасалған ынтымақтастыққа өте қуанышты екендіктерін білдіріп, Түркия Республикасының барлық мекемелеріне және түрік халқына алғыс айтты.

Түркияның инвестицияларының Косово Республикасындағы инвестиция арасында алғашқы үштікте екенін түсіндірген Рафуна бұл инвестициялардың елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін білім, денсаулық, қаржы, тоқыма, инфрақұрылым және көптеген басқа салаларда жасалғанын айтты.

Түркияның Косоводағы елшісі Сабри Тунч Ангили өз сөзінде Косово мен Түркия арасындағы сауда және инвестиция саласындағы қарым-қатынастардың терең, қарқынды және көп жақтылы екенін айтты.

Түркияның Косовоға 400 миллион еуро инвестиция салғанын баяндаған  елші Ангылы түрік инвесторларының Косовода 10 мың адамды жұмыспен қамтамасыз еткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар