Түріктің 4 компаниясы алғашқы 100-де

SIPRI 2022 жылы ең көп қару және әскери қызмет сатқан алғашқы 100 қорғаныс компаниясының тізімін жариялады.

2072408
Түріктің 4 компаниясы алғашқы 100-де

Стокгольм Халықаралық бейбітшілік зерттеулері институтының (SIPRI) алғашқы 100 қорғаныс компаниясы тізіміне түріктің 4 компаниясы енді.

SIPRI 2022 жылы ең көп қару және әскери қызмет сатқан алғашқы 100 қорғаныс компаниясының тізімін жариялады.

2018 жылдан бері тізімнің басындағы 5 компанияның барлығының Америка Құрама Штаттарынан екені назар аударды.  Осы компаниялар – «Lockheed Martin», «Raytheon Techologies», «Northrop Grumman», «Boeing» және «General Dynamics».

Осы тізімге түріктің 4 компаниясы да енді. Тізімде «ASELSAN”» 60, Baykar» 76, Түрік Авиация ғарыш өнеркәсібі  82 және «Roketsan» 100-ші кезекте орын алды.

Түрік компанияларының табыстарының жиыны былтыр 2021 жылмен салыстырғанда 22 пайыз артып, 5,5 миллиард долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар