Түркия экономикасы өсуде

Түркия экономикасы жылдың үшінші тоқсанында 5,9 пайыз өсті.

2071062
Түркия экономикасы өсуде

Түркия Статистика мекемесі ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы (шілде-қыркүйек) Өндіріс әдісі бойынша ел ішіндегі таза ұлттық кіріс нәтижелерін жариялады.

Осыған сәйкес түрік экономикасы 2023 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың бірдей тоқсанымен салыстырғанда 5,9 пайыз өсті.

2023 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың бірдей тоқсанымен салыстырғанда құрылыс 8,1 пайыз, өнеркәсіп 5,7 пайыз, қаржы және сақтандыру қызметі 5,1 пайыз, қызмет көрсету 4,3 пайыз, мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметі 3,6 пайыз, жылжымайтын мүлік қызметі 2,7 пайыз, өзге де қызмет көрсету қызметі 2,2 пайыз, ақпарат және байланыс саласы 1,7 пайыз және ауыл шаруашылығы саласы 0,3 пайыз өсті.



Ұқсас жаңалықтар