Үлкен-7 экономиканы дамытуға кепілдік жасады

Үлкен-7 елдерінің Сауда министрлері Жапонияның Осака қаласында өткен кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жариялады.

2057860
Үлкен-7 экономиканы дамытуға кепілдік жасады

Үлкен-7 (Германия, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Италия, Франция, Жапония, Канада және Еуропалық Одақ) елдерінің Сауда министрлері артып келе жатқан экономикалық қысымға қарсы тұру үшін бірлескен күш-жігерді арттыруға кепілдік берді.

Үлкен-7 елдерінің Сауда министрлері Жапонияның Осака қаласында өткен кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде министрлердің соңғы уақытта күшейіп келе жатқан экономикалық қысымдарға қарсы бірлескен күш-жігерді арттыруға кепілдік бергені білдірілді.

Сауданы қажетсіз шектейтін шаралардың күшін жоюға шақырған министрлер сирек кездесетін материалдардың экспорттық шараларын алаңдаушылықпен қадағалап отырғандарын мәлімдеді.

Министрлер жартылай өткізгіштер мен батареяларды қамтитын тұрақты қамдау тізбегін құрудағы ынтымақтастықты арттыруға және осы мақсатпен Үлкен-7 елдері арасында және одан тыс елдерде сенімді серіктестермен жұмыс істеуге келісті.



Ұқсас жаңалықтар