Бодрум ауданына круиздік кемемен туристер келді

Хания портынан жолға шыққан 347 метрлік Багам туы бар алып кеме Бодрум круиз портына келіп тоқтады.

2054274
Бодрум ауданына круиздік кемемен туристер келді

«Odyssey of the Seas» атты алып круиздік кеме Мугланың Бодрум ауданына келді.

Хания портынан жолға шыққан 347 метрлік Багам туы бар алып кеме Бодрум круиз портына келіп тоқтады.

Кемеде 4 мың 187 жолаушы мен 1591 қызметкер болғаны, олардың көпшілігі америкалықтар екені хабарланды.

Кедендік тіркеулерден кейін жолаушылар Пашатарласы мен Кумбахче жағажайларында сейілдеді және тарихи аймақтарды аралады.

Кейбір туристер кәдесыйлар сататын кәсіпорындардан сауда жасады.

«Odyssey of the Seas» атты алып круиздік кеменің Бодрумға келген ең үлкен круиздік кеме екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар