Анталия әуежайлары рекорд жаңалады

Анталия әуежайы 15 шілде сенбі күні 207 мың 84 жолаушымен барлық уақыттағы жолаушылар тасымалы рекордын жаңалаған болатын.

2017868
Анталия әуежайлары рекорд жаңалады

Анталияның екі әуежайына 29 шілде күні жалпы 100 мың 40 адам келіп, күндік халықаралық жолаушылар саны бойынша рекорд жаңарды.

Анталия уәлаят әкімі Ерсин Языжы әлеуметтік желідегі парақшасында:

«29 шілде, сенбі күні тек халықаралық бағыттар бойынша келген жолаушылар саны Анталия әуежайынан 99 мың 10 және Газипаша әуежайынан 1030, жалпы  100 мың 40  кісіге жетті. Біздің Анталия рекордтарды жаңартуды жалғастыруда» деп бөлісті.

Анталия әуежайы 15 шілде сенбі күні 97 мың 900-і халықаралық жолаушы жалпы 207 мың 84 жолаушымен барлық уақыттағы жолаушылар тасымалы рекордын жаңалаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар