Экспортқа шектеме қойды

Аталмыш шектеу 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

2006797
Экспортқа шектеме қойды

Қытай «ұлттық қауіпсіздік пен мүдделерді қорғау» деген себеппен чиптер мен электроникалық құрал жасауда қолданылатын галлий мен германий металдарының экспортына шектеу қойды.

Қытай Сауда министрлігінің мәліметінше «Ұлттық қауіпсіздік пен мүдделерді қорғау үшін галий мен германийге қатысты материалдарға экспорттық шектеу қою туралы шешім қабылданды».

Шектеме шеңберінде галий мен германийді экспорттаудан бұрын тиісті органдардың рұқсаты қажет.

Аталмыш шектеу 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қытай әлемдегі галлий өндірісінің 95 пайызын және германий өндірісінің 67 пайызын қамтамасыз етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар