Ресейлік туристер Түркияға ағыла бастады

Өткен жылы Түркияға 5 миллион 200 мыңнан астам ресейлік турист келген болатын.

1987299
Ресейлік туристер Түркияға ағыла бастады

Ресейде Түркияға бағытталған демалыс пакеті сұраныстары артты.

Ресей Туризм индустриясы бірлестігінен жасалған мәлімдемеде орыс туристердің Түркияда демалу талабының мамыр айында күтілгеннен төмен болғаны атап өтілді.

Демалыс аймақтарындағы бағалардың ресейлік туристер үшін қайтадан тартымды деңгейге жеткеніне баға берілген мәлімдемеде "Қазір Түркиядағы ресейлік туристерге арналған демалыс пакеті сұраныстары  арта бастады" деп хабарланды.

Сектор қызметкерлері де Түркияға демалыс пакеті сатылымдарының арта бастағанын және мамыр айының аяғынан бастап серпіннің жылдамдайтынын мәлімдеді.

Өткен жылы Түркияға 5 миллион 200 мыңнан астам ресейлік турист келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар