Түркияның Ресейге экспорты артты

Түркияның Ресейге жеміс-жидек пен көкөніс экспорты 258,4 миллион долларға жетті.

1985902
Түркияның Ресейге  экспорты артты

Түркияның Ресей-Украина соғысында ұстанған теңгерім саясатының нәтижесінде Ресейге жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс экспорты жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 60 пайыз артып 258,4 миллион долларға жетті.

Түркия Статистика мекемесінің мәліметтеріне қарағанда Түркия Ресейге негізінен химиялық заттар мен өнімдер, жас және кептірілген жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар, дайын киімдер мен киім-кешектер, цемент сияқты жүздеген тауарды экспорттауда.

Түркия да осы елден табиғи газ, мұнай және темір-болат сияқты көптеген өнімдерді импорттауда.

Түркиядан Ресейге биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2 миллиард 448 миллион долларлық экспорт жасалса, жалпы экспорт өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 132,9 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар