Экспорт еселеп артты

Эспорт 4.4 пайыз өсіммен 23 миллиард 595 миллион долларға, импорт 3.4 пайыз артып, 31 миллиард 936 миллион долларға жетті.

1980595
Экспорт еселеп артты

Түркияның экспорты наурыз айында өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 4.4 пайыз өсіммен 23 миллиард 595 миллион долларға, импорты 3.4 пайыз артып, 31 миллиард 936 миллион долларға жетті.

Түркия Статистика институты мен Сауда министрлігінің ынтымақтастығымен жасалған наурыз айындағы уақытша сыртқы сауда деректері жарияланды.

Дереккке қарағанда Жалпы сауда жүйесі аясында экспорт наурыз айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 4.4 пайызға артып, 23 миллиард 595 миллион долларға, ал импорт 3.4 пайызға артып, 31 миллиард 936 миллион долларға жетті. 

Сыртқы сауда тапшылығы наурыз айында өткен жылдың сәйкес айына қарағанда 0.9 пайыз артып, 8 миллиард 341 миллион долларға жетті.

Экспорттың импортпен салыстырмасы 2022 жылдың наурызындағы 73.2 пайыздан өткен айда 73.9 пайызға өсті.

Қаңтар-наурыз кезеңінде экспорт өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 2.5 пайыз артып, 61 миллиард 558 миллион долларға жетсе, импорт 11.1 пайыз артып, 96 миллиард 250 миллион долларға жетті.

Сыртқы сауда тапшылығы қаңтар-наурыз кезеңінде 30.7 пайыз артып, 26 миллиард 537 миллион долларға көбейді.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында экспорттың импортқа қатынасы 69.4 пайыз болса, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 64 пайызға дейін төмендеді.



Ұқсас жаңалықтар