Еуроодақта электр мен газ бағасы артты

Еуропалық Одақ елдеріндегі отбасында 100 киловатт-сағат электр энергиясы үшін төленген орташа ақша 28.4 еуромен рекорд жаңартты.

1979759
Еуроодақта электр мен газ бағасы артты

Өткен жылдың екінші жартысында Еуропалық Одақ (ЕО) елдеріндегі резиденцияларда 100 киловатт-сағат электр энергиясы үшін төленген орташа ақша 28.4 еуромен рекорд жаңартты.

ЕО елдерінде 2021 жылдың екінші жартысында 100 киловатт-сағат электр энергиясы үшін 23.5 еуро төленсе, 2022 жылдың екінші жартысында бұл көрсеткіш 28.4 еуроға жетті.

ЕО-ына мүше елдердің ішінде Дания электр энергиясы үшін ең көп қаржы төлеген ел болды. Даниядағы үй шаруашылықтары 100 киловатт-сағат электр қуаты үшін 58.7 еуро төледі.

Бельгия 44.9 еуро, Ирландия 42 еуро, Чехия 38.4 еуро, Италия 36.4 еуро, Румыния 34.1 еуро, Германия 33.6 еуро және Испания 33.5 еуро қаржы төледі.

Өткен жылдың екінші жартысында Еуроодақ елдеріндегі тұрғын үйлерде пайдаланылған әрбір 100 киловатт-сағат табиғи газ үшін төленетін орташа баға 11.4 еуро болып есептелді. Қарастырылып отырған баға өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7.8 еуро болып белгіленген.

ЕО елдері арасында тұрғын үйлерде тұтынылатын табиғи газ үшін ең жоғары баға Швецияда 100 киловатт-сағат үшін 27.5 еуромен, Данияда 20.8 еуромен және Голландияда 19.3 еуромен төленді.



Ұқсас жаңалықтар