Дайын киім экспорты артты

Дайын киім және тігін өнеркәсібі 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5 миллиард 204 миллион долларлық экспорт жасады.

1974380
Дайын киім  экспорты артты

Дайын киім және тігін өнеркәсібі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 5.2 миллиард долларлық экспортқа қол жеткізді.

Түркия Экспортшылар одағының деректеріне қарағанда Түркияның экспорты наурыз айында өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 4.4 пайыз артып, 23.6 миллиард доллар болды. Осылайша барлық уақыттағы ең жоғары айлық экспортқа қол жеткізілді.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында экспорт өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2.5 пайызға артып, 61.6 миллиард долларға жетті. Экспорттың жылдық құны 255.7 миллиард долларды құрады.

Дайын киім және тігін өнеркәсібі 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5 миллиард 204 миллион долларлық экспортты жүзеге асырды.

Дайын киім және тігін өнеркәсібі аталған кезеңде Германияға 862 миллион доллар, Испанияға 602 миллион доллар және Голландияға 414 миллион долларлық экспорт жасады.



Ұқсас жаңалықтар