Ресейге дәнді дақылдар экспорты артты

Ресейге астық пен бұршақ дақылдарының экспорты наурыз айында 586 пайыз өсті.

1972413
Ресейге дәнді дақылдар экспорты артты

Ресейге астық пен бұршақ дақылдарының экспорты наурыз айында 586 пайыз өсті.

Cтамбул Дәнді дақылдар, майлы дақылдар мен өнімдері Экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасы Казым Тайжы жаңа жылдың басында белгіленген 15 миллиард доллар экспорттау мақсатына жетуге бел байлағандарын айтты.

2023 жылды Мәскеуде ақпан айында 30-шы рет өткен "PRODEXPO" және Дубайда өткен "Gulfood" 2023 азық-түлік жәрмеңкесі сияқты екі үлкен жәрмеңкемен бастағандарын еске салған Тайжы:

«Біздің барлық азық-түлік компанияларымыз, әсіресе "PRODEXPO" жәрмеңкесімен жасаған маңызды байланыстары наурыз айында Ресейге экспортымыздың 586 пайызға артуына себеп болды» деп көрсетті.

Түркия бойынша наурыз айында дәнді дақылдар экспорты 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17.3 пайыз артып, 1 миллиард 127 миллион долларды құрады. Сектордың бірінші тоқсандағы экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7.9 пайыз артып, 2 миллиард 944 миллион долларға жетті.

Өткен айда Cтамбул Дәнді дақылдар, майлы дақылдар мен өнімдері Экспорттаушылар қауымдастығы АҚШ-қа 57.8 пайыз өсіммен 36 миллион доллар, Ресейге 586 пайыз өсіммен 24 миллион доллар және Алжирге 679 пайыз өсіммен 21.4 миллион доллар көлемінде экспорт жасады.



Ұқсас жаңалықтар