Еуропа елдерінде қымбатшылық алаңдатуда

Еуропада сауалнамаға қатысушылардың 48 пайызы тұрғын үй несиесін және көлікті қамтыған шығындарын төлей алмаудан алаңдап отыр.

1965825
Еуропа елдерінде қымбатшылық алаңдатуда

Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінде тұратындардың жартысына жуығы тұрмыстық шығындарын төлей алмаудан алаңдайды.

ЕО Комиссиясы 27 мүше-мемлекет және Изландия мен Норвегияда 2 жыл сайын өткізілетін тұтыну әдеттеріне арналған «Тұтыну шарттары» атты жан-жақты зерттеу сауалнамасының нәтижелерін жариялады.

Өткен жылдың қазан және қараша айларында жүргізілген сауалнама деректеріне қарағанда Еуропа елдеріндегі тұтынушылардың жартысына жуығы тұрмыстық шығындарын төлей алмаудан алаңдайтыны білдірілді.

Сауалнамаға қатысушылардың 48 пайызы түрлі төлемдерін, соның ішінде тұрғын үй несиесін және көлікті қамтыған шығындарын төлей алмаудан алаңдайды екен.

Азаматтардың 37 пайызы шығындарды төлеу үшін жинаған қорын пайдалануға мәжбүр қалуда.

Сонымен бірге пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты тұрғын үй несиесін пайдаланушылардың 10 пайызының төлемдері өсті.

Еуропадағы энергетикалық дағдарыс азаматтарға да кері әсерін тигізді.

Энергия бағасының өсуіне байланысты тұтынушылардың жартысынан көбі тұрмыстық әдеттерін өзгерте бастады.

Азаматтардың 71 пайызы үйдегі энергияны үнемдеуге талпынуда. Сондай-ақ тұтынушылардың 28 пайызы қатынас пен тасымал мүмкіндіктерін  тіпті арзанына ауыстырған.



Ұқсас жаңалықтар