Түркияның Сауд Арабиясына экспорты артты

Түркияның Сауд Арабиясына экспорты қаңтар-ақпан кезеңінде 30 есе артты.

1957444
Түркияның Сауд Арабиясына экспорты артты

Түркияның Сауд Арабиясына экспорты қаңтар-ақпан кезеңінде 30 есе артты.

Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-саттықты қалпына келтіруге, экспорт көлемін арттыруға бағытталған қадамдар тез арада өз нәтижесін беруде.

Түркияның Сауд Арабиясына экспорты қаңтар-ақпан кезеңінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 32 есе артып, 11 миллион 209 мың доллардан 367 миллион 363 мың долларға жетті.

Сауд Арабиясы Түркияның ең көп сыртқы сауда жасаған 22-ші ел болып тіркелді.

Осы кезеңде Түркия сыртқы саудасын құндық жағынан ең көп арттырған екі ел 762 миллион 167 мың доллармен Ресей және 356 миллион 153 мың доллармен Сауд Арабиясы болды.

Бұл елдерден кейін 208 миллион 441 мың доллармен Франция, 123 миллион 773 мың доллармен Швейцария және 105 миллион 4 мың доллармен Қазақстан орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар