Түркия экономикасы 2022 жылы 5,6 пайыз өсті

Түркия Статистика мекемесі 2022 жылға арналған ЖІӨ қорытындысын жариялады.

1952643
Түркия экономикасы 2022 жылы 5,6 пайыз өсті

Түркия экономикасы 2022 жылы 5,6 пайыз, өткен жылдың соңғы ширегінде 3,5 пайыз өсті.

Түркия Статистика мекемесі 2022 жылға арналған өндіріспен есептелген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) қорытындысын жариялады.

Осыған қарағанда түрік экономикасы өткен жылы 5,6 пайыз, 2022 жылдың соңғы тоқсанында 3,5 пайыз өсті.

Өндіріс есеп әдісімен ағымдағы ЖІӨ 2022 жылы өткен жылмен салыстырғанда 107 пайызға өсіп, 15 триллион 6 миллиард 574 миллион лира болды.

Осылайша Түркия экономикасы бірінен соң бірі 10 тоқсаннан бері өсті.



Ұқсас жаңалықтар