Түркияның Германияға жасаған экспорты артты

Түркия өткен ай Германияға 1 миллиард 594 миллион долларлық экспорт жасады.

1949556
Түркияның Германияға жасаған экспорты артты

Түркия Экспортшылар Мәжілісінің санағына қарағанда Түркияның Германияға экспорты қаңтар айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайыз артып, Германияның жалпы экспорттағы үлесі 8,2 пайыз болды.

Осылайша Германия Түркияның ең көп экспорттаған ел болуын жалғастырды.

Германиядан кейін ретімен 1 миллиард 4 миллион доллармен АҚШ, 890 миллион 934 мың доллармен Ұлыбритания, 804 миллион 437 мың доллармен Италия, 790 миллион 350 мың доллармен Ресей орын алды.

Түркияның Германияға қаңтар айындағы экспортында автомобиль өнеркәсібі 412 миллион 514 мың долларлық экспорт көлемімен көшбасшылығын сақтап қалды.



Ұқсас жаңалықтар