Түркиядан велосипед экспорты

Түркиядағы велосипед, мопед және мотоцикл өндірушілері 2022 жылы 130 елге экспорт жасаған.

1935103
Түркиядан велосипед экспорты

Түркиядағы велосипед, мопед (моторлы велосипед) және мотоцикл өндірушілері 2022 жылы 130 елге  экспорт жасаған.

Автокөлік өнеркәсібі экспорттаушылар қауымдастығының деректерінен жасалған есепке сәйкес, өткен жылы 2021 жылға жақын көрсеткішпен  жылды аяқтаған осы сектордың өкілдері ең көп Еуропаға экспорт жасады. Ел ретінде ең көп экспорт Германияға жүргізілді.  Бұл елге экспорт өткен жылмен салыстырғанда 30 пайыздан астам артып, 17 миллион 406 мың доллардан 22 миллион 738 мың долларға жетті.

Германиядан кейін моторлы көліктер ең көп экспортталған ел Францияға экспорт 20 пайыз артып, 17 миллион 314 мың доллардан 20 миллион 918 мың долларға жетті.

Үшінші орында тұрған Финляндияға экспорт 7 пайызға жуық артып, 18 миллион 226 мың долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар