Ұнтақ қызыл бұрыш экспорты артты

Ұнтақ қызыл бұрыш экспортында 1 миллион 519 мың доллармен Германия бірінші орынға шықты.

1894372
Ұнтақ қызыл бұрыш экспорты артты

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде Түркиядан ұнтақ қызыл бұрыштың экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайыз артып, 6 миллион 817 мың долларға жетті.

Оңтүстік-Шығыс Анадолы Экспорттаушылар қауымдастығының деректерінен жиналған ақпаратқа қарағанда 2021 жылы Түркиядан 9 миллион 222 мың долларлық ұнтақ қызыл бұрыш экспорты жасалды.

Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2 мың 601 тонна өнім экспортынан 6 миллион 602 мың доллар табыс алынса, биылғы жылдың осы кезеңінде 2 мың 954 тонна экспорттан 6 миллион 817 мың доллар кіріс кірді. 

Ұнтақ қызыл бұрыш экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артты.

Осы кезеңде Германия, Голландия, Ұлыбритания, Ирак, Америка Құрама Штаттары, Франция, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Дания, Мальта, Тәжікстан, Экваторлық Гвинея, Куба, Того, Марокко, Нигер, Жапония және Гана сияқты 101 елге ұнтақ қызыл бұрыш сатылды.

Ұнтақ қызыл бұрыш экспортында 1 миллион 519 мың доллармен Германия бірінші орынға шықты.

Бұл елден кейін 908 мың доллармен Голландия екінші және 885 мың доллармен Ұлыбритания үшінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар